Астана 2050 – Қазақстанның жас ғалымдарының көзқарасы

Әлия Әлжанова


Физика бойынша PhD философия докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Техникалық физика» кафедрасының аға оқытушысы, физика бойынша ғылым мен техникадағы жоғары жетістіктері үшін Тұңғыш Президент Қоры жүлдесінің иегері.

«30-50 жылдан кейінгі Астана инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі жасыл мегаполиске айналады. Бұл жерде ұланғайыр еліміздің әрбір тұрғынына өмір сүру қолайлы болады. Жиырма жылдан кейін, бәлкім, одан да бұрын өнеркәсіп орындары мен тұрғын үйлердің басым бөлігі күннен қуат ала алады. Біз мүмкін болған жердің бәрінде жел қуатын, күн қуатын, бәлкім, тіпті геотермалдық энергия көздерінің қуатын пайдаланатын боламыз. Қазіргі кезде дайындалып жатқан «Астана – жасыл қала» бағдарламасы 2030 жылы жүзеге асады деген ойдамын.

Проект «Умный» район. Акимат Астаны

Астана – эко-қала. «Жасыл белбеудің» гүлденуі. Астананың даңғылдары, көшелері мен орамдары жасыл дәліздер мен сыналар арқылы байланысып тұрады. Аталмыш экоаралдардың өзіндік ерекше мазмұны болады және флора мен фаунаға сәйкес ауа райын ескеріп отырады. Астананың барлық ғимараттары мен мекемелері табиғи қуат көзін пайдаланып, көмірсутектерді өте аз бөлетін болады. Құрылыстардың пішіні сапалы жарық беріп, желдетіп тұруы тиіс. Ал шатыр күндізгі жарықты өткізіп, фотогальваникалық құрылғы арқылы күн қуатын жинп отыруы керке. Қоқыс контейнерлері де күн батареяларымен жұмыс істейтін болады. Қоқыс жәшігі толған кезде коммуналдық қызметке белгі беріледі. Сөйтіп, жұмысшылар қоқысты алып кетеді.

XXI ғасыр – нанотехнологиялар ғасыры. Нанотехнологиялар барлық жерге енгізіледі. Мәселен, оптоэлектроника мен микроэлектроникаға ғана емес, медицинаға да. Айталық, ол қатерлі ісікті емдеуде қолданылуы мүмкін. Нанобөлшектерді ісіктің ішіне салсақ, қызғаннан кейін олар ыдырай бастайды».

«...заманауи қалалар мен астаналар философиясының негізін өмір сүру сапасының философиясы құрайды. Ал сол философияның негізі екі айтарлықтай қарапайым, бірақ ұстанымы бар тезистен тұрады. Біріншісінде қаланың немесе астананың бейнесі бірегей әрі қайталанбайтын болуы тиіс. Екіншісінде – қала барлық азаматтарға мейлінше жайлылық сыйлауы тиіс»
- Нұрсұлтан Назарбаев

Әсет Қайнарбай


Физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жаңа материалдар мен технологиялар зертханасының меңгерушісі.

«Қазіргі кезде бас шаһарымызда ғылымның, әсіресе, физиканың, нанотехнологиялардың, наноматериалтанудың даму қарқыны өте жоғары. Сол себепті, Астана 30 жылдан кейін ақылды әрі өте жоғары технологиялық мегаполиске айналады. Қазіргі кездегі жаңалықтар, адам ойының, жаңа технологиялардың жетістіктері – соның дәлелі. Біздің болашағымыз жаңа материалдарға да негізделетінін естен шығармау керек. Меніңше, болашақтың негізі сол наноматериал болатын сияқты. Мен соңғы бес жыл бойы кванттық нүкте деп аталатын нанобөлшектерді жасаумен айналыстым. Біз жартылай өткізгіштердің кванттық нүктелерінің негізінде күн элементтерін дайындаймыз. Бұл – күн элементтерінің жаңа түрі. Ол зертхана жағдайында-ақ ПӘК-ін екі есе арттырады. Қазіргі элементтер 10-12 пайыз ПӘК беретін болса, біз мұны 25 пайызға жеткізіп отырмыз. Бұл бізді қанаттандырады. Біздің күн батареямыз пайдалы әсер коэффициентін екі есе көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл – оның орны екі есе тезірек толады және энергиялық тиімділігі мен энергиялық сыйымдылығы өте жоғары болады деген сөз. Оған қоса, ұзақ уақыт қызмет етеді.

Қазіргі таңда күн батареялары арқылы өзіңе ғана тиесілі тәуелсіз электр қуатына қол жеткізу – әрбір адамның қолынан келетін іс. Қымбат құрал-жабдық уақыт өте келе тегін электр қуатын беру арқылы өз бағасын ақтайды. Ең маңыздысы, күн батареялары – экологиялық таза қуат көзі. Соңғы жылдары фотоэлектрлік панельдің бағасы ондаған есе төмендеп кетті және әлі де төмендеуде. Бұл оны пайдаланудың тиімді екенін көрсетеді.
Болашақта заманауи заттардың ішінен жоғары технологияға қатысы жоқ нәрсені табу қиынға соғады. Келешекте адамдардың галстугында иілгіш күн батареялары қолданылуы тиіс. Оларды кейін ұялы телефон мен қалта компьютерлеріне арналған қуаттаушы тетік ретінде қолдануға болады.

Болашақта электр қуаты әлдеқайда арзан болады және оның ПӘК-і жоғары болады. Мен солай болар деп шын жүректен үміттенемін. Сол үшін тер төгіп жатырмын. Менің қазіргі ғылыми жобаларым ең алдымен адамдардың өмірін жақсартуды көздейді. Біз міндетті түрде бір жаңалық ашамыз. Сосын ол бас шаһарымыздың тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға үлкен пайдасын тигізеді. Қалай дегенмен, кез-келген ғылым адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керек емес пе? Біз сол үшін еңбек етудеміз. Ғалымдар халыққа қызмет етуі тиіс. Менің ойым осындай».

...